Біз туралы:

Пансионат Silver Age Астана

Серебряный век – қарияларға арналған заманауи, жайлы пансионаттар желісі. Бірыңғай стандарт бойынша жұмыс істейді.

Біздің пансионат осында тұратын қариялар мен олардың туысқандарының сеніміне ие болған. Әрдайым көрсетілетін қызметтер сапасын арттырып отырады. Осы беделін түсірген емес.

Егер сіздің тәулік бойы күтімді қажет ететін қарт туысқаныңыз болса және сіз ол кісіні өз бетіңізше қарай алмасаңыз онда «Серебряный век» пансионатының өкілдеріне хабарласыңыз.

Толық ақпарат біздің корпоративтік сайтта:

Өту

Біз әртүрлі диагнозы бар пациенттерді қабылдаймыз:

Деменция

Жатып қалған науқастар

Жүрек – қан-тамыр аурулары

ДЦП науқастар

Ақылынан алжасу

Паркинсон дерті

Онкологияға шалдыққан науқастар

Инсульт алғандар

Буын аурулары

Тірек – қимыл аппаратының аурулары

Түрлі дәрежедегі жарақаттар мен сүйек сынуы

Жатып қалған жандарға жасалатын күтім

Пансионатта науқас толықтай қауіпсіздікте болады. Себебі мұнда кешенді күзет шаралары қарастырылған.

Пансионат қызметкерлерінің ең маңызды міндеті – әр пациенттің денсаулығына қамқорлық жасау.

Сондықтан емдеуші дәрігер ауру тарихын ғана зерттеп қоймайды, қосымша тексерістер тағайындайды. Оған қоса күн сайын тексеріп, қал-жағдайын сұрайды.

Жеке күтуші қызметтері

Жеке күтуші қарт адамды дұрыс жуындырып, сүртуі, төсек-орнын ауыстырып, оның тазалығын қадағалауы қажет.

Гигиена сақталса жатып қалған науқастар тезірек сауығады, өзін жайлы сезінеді, инфекция таралмайды.

Жеке күтуші температурасын, артериялық қысымын, қандағы қант мөлшерін, тамыр соғысын және т.б. тексеруі тиіс.

Ол қарияның күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруы керек.

Жеке тамақ рационы

Адамдардың денсаулығы өмір салтына ғана емес, дұрыс тамақтануына да байланысты.

Пансионатта біз қариялардың жеке қажеттіліктерін, ағзасының ерекшеліктерін ескереміз.Тамағы қандай болса да, бастысы – баланс! Рационда ақуыз, май, микроэлементтер мен дәрумендерге бай өнімдер болуы керек.

Адамның өзін жайлы сезінуі, өмірінің ұзақ болуы соған байланысты.

Ойын-сауық

Ем мен тамақтан бөлек, қариялар үшін өмірдің басқа да қызықтары бар.

Тіпті қартайғанда да даму, шығармашылықпен айналысу, процестен ләззат алу маңызды.

Біз пациенттердің өмірдің әр сәтінен ләззат алуы үшін ойын-сауық шараларын ұйымдастыруға баса көңіл бөлеміз.

Біздің артықшылықтарымыз:

Дәрігердің бақылауы

Таза ауадағы тұрақты серуен

15 жылдық тәжірибе

Қолайлы жағдай

24/7 орналастыру

Білікті мамандар

Біздің мамандар:

Фотогалерея:


*Үлкейту үшін фотоға басыңыз